«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы қорлары азаматтардың зейнетақы жинақтарын олар зейнет жасына жеткенде, яғни: әйелдер 58 жасқа, еркектер 63 жасқа толғанда береді.
Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды зейнет жасынан әлдеқайда бұрын алуға қол жеткізе аласыз.
Зейнетақы аннуитеті – бұл зейнетақы түрінде өмірлік периодты сақтандыру төлемдері. Сіздің қалауыңызға қарай Сіз ақшаны бір жылда бір рет, жарты жылда бір рет, тоқсан сайын немесе ай сайын алып тұрасыз.
«Мои Года – Мое богатство» (Менің жылдарым – менің байлығым) зейнетақы аннуитеті сақтандыру келісім шартын жасаудың артықшылығы:
- «Мои Года – Мое богатство» (Менің жылдарым – менің байлығым) бағдарламасын пайдалансаңыз, өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңызды зейнет жасына жетпей тұрып, яғни 55 жастан бастап алу мүмкіндігіне ие боласыз.
- Біз сізге өмір бойлық, төлемдерге кепілдік береміз, яғни, сіз зейнетақыны өмір бойы аласыз және зейнетақы жинақтарының сомасы аяқталғанға қарамастан төлемдердің тоқталмайтынына сенімді боласыз (зейнетақы қорлары берілген қызметпен қамтамасыз етпейді).
- Сақтанушы қайтыс болған жағдайда Компания зейнетақы аннуитеті келісім шарты бойынша төлемдерін кепілденген уақытқа дейін төлеп тұруды жалғастырады. Сақтанушы қайтыс болғаннан кейін төлемдерді сақтандыру келісім шартында көрсетілген мұрагер алады.
Келісім шарт жасаудың шарттары:
Сіз зейнетақы аннуитеттік сақтандыруды пайдалана аласыз, егер Сіз:
- 55 жасқа толсаңыз және зейнетақы жинақтарыңыздың мөлшері 2 627 848 теңгеден (ер адамдарға) және 3 005 653 теңгеден (әйел адамдарға) кем болмаған жағдайда;
- зейнетке шықсаңыз және зейнетақы қорында2 262 636 теңгеден ер адамдарға және әйел адамдарға 2 878 135 теңгеден астам болса;
- еңбек өтілі бойынша (әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерді қоспағанда), құқық қорғау органдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың), зейнетке шықсаңыз, біз Сізге бірегей сақтандыру бағдарламаларын ұсынамыз.
Төлемдер:
- Сақтандыру компаниясының клиентке мерзімді түрде төлеп тұратын төлемдердің мөлшері (аннуитеттік төлемдер) жинақталған қаражаттың мөлшеріне байланысты. Алайда заң бойынша ай сайын төленетін төлем (Заң бойынша) шарт жасалған сәтте ҚР заңнамасында белгіленген ең төмен зейнетақыдан кем болмайды («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы 60 тармақта көрсетілген тұлғалардан басқалары).
«2012 – 2014 ж. Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес,24/11/2011 ж. бастап ең аз зейнетақы 17 491 теңгені құрайды.
- Сіздің қалауыңызға қарай Сіз ақшаны бір жылда бір рет, жарты жылда бір рет, тоқсан сайын немесе ай сайын алып тұрасыз.