Компания туралы
Жаңалықтар
Жеке тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
Клиентке
Кері байланыс
Агентті шақыру
Полистің бағасын
есептеу

Бас кеңсе:


Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30 А үй,
«Тенгиз Towers» БО,1 корпус,
4 қабат

тел.: +7 (727) 320 10 60,
+7 (727) 320 10 61

факс: +7 (727) 378 00 02,
+7 (727) 320 10 59
на главную карта сайта обратная связь

Скорая помощь (Жедел жәрдем) – қайғылы оқиғалардан сақтандыру.

Бұл өнім қаржы қорғанышын қалыптастырады және адам әлдебір қайғылы оқиғаның салдарынан еңбекке жарамай немесе мүгедек болып қалған жағдайда ақшалай өтемақымен қамтамасыз етіп, мәжбүрлі түрде төмендеген табыс деңгейінің орнын толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол қаза тапқан жағдайда отбасына материалдық жәрдем жасайды.

Сіздің білуіңіз керек:

Негізгі талаптар:

  1. ВЕгер Сіз, сақтандыру келісімін жасаған, 18 жасқа толған жеке немесе заңды тұлға болсаңыз, онда сақтанушысыз;
  2. 18-ден 64 жасқа дейінгі жеке тұлғалар сақтанушы болады, бұл орайда сақтанушы адамның сақтандыру мерзімінен кейінгі жасы 65-тен аспауға тиіс;
  3. Сақтандыру аумағы – Қазақстан Республикасының аумағы және одан сырт жерлер;
  4. Сақтандыру мерзімі – 1 жыл, ұзарту мүмкіндігімен қоса.

Сақтандыру төлемдерінің мөлшері:

Негізгі төлем:
қайғылы оқиға салдарынан қаза табу – сақтандыру сомасының 100 %.

Қосымша төлемдер:
1) у1) Сақтандырылған адам еңбекке жарамсыз болып 1, 2 немесе 3 топ мүгедектігін алған жағдайда соған орай сақтандыру сомасының 80%, 60% және 40% төленеді;
2) 2) Сақтандырылған адам қайғылы оқиға салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, оның еңбекке жарамаған әр күні үшін сақтандыру сомасының 0,2% көлемінде ақы төленеді, алайда сақтандыру сомасының 20% аспайды;
3) 3) Жарақат алған жағдайда «Дене жарақаттары бойынша ақы төлеу кестесіне» сәйкес келісімде белгіленген сома мөлшерінде ақы төленеді.
Жарақат алған жағдайда сақтандыру келісімі осы келісімде қарастырылған басқа талаптар бойынша қызметін жалғастырады.

*Айрықша талаптар:

Егер бір қайғылы жағдай сақтандыру келісімінде ескерілген бірнеше сақтандыру талаптарына түрткі болса, онда сақтандыру төлемдері осы талаптардың әрқайсысы бойынша жүзеге асырылады. Тек бұрын орын алған сақтандыру оқиғасы бойынша төлем төленбейді.

Copyright © 2011

.
 
RU

KZ