ҚР «Еңбектегі (қызметтік) міндеттерін орындау барысында қызметкердің өмірі мен денсаулығына тигізетін зияны үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына (Бұдан әрі – Заң) сәйкес аннуитеттік сақтандыру.
Еңбектегі (қызметтік) міндеттерін орындау барысында өмірі мен денсаулығына зиян келген қызметкерлердің мүліктік мүдделерін қорғау үшін заң жүзінде сақтандырудың мынадай механизмі бекітілген:

| ЖЖМС – Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру. |
 |
Өмірді сақтандыру компаниясы зардап шеккен қызметкерге ай сайын аннуитеттік төлемдер төлейді. Ол қаза болған жағдайда оның қарауындағы адамдарға ҚР азаматтық заңына сәйкес өлген адамға төленбей қалған табыс көлемінде ақша төлейді.
«Қызметкер» келісімін жасаудың қандай пайдасы бар?
- Қызметкердің мүддесі қорғалады;
- Жұмыс берушінің жұмыскерлер мен олардың қарауындағы жандардың алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі;
- Сақтандыру төлемінің кепілдігі.
Сақтандыру оқиғасы туындаған жағдайда кімге және қандай мерзім ішінде төлем төленеді?
Қайғылы жағдайға ұшырап, еңбекке жарамсыз болып қалғанда зардап шеккен қызметкерге сақтандыру ақысы төленеді – еңбекке жарамсыз болған мерзімге.
Азамат қаза тапқан жағдайда оған келген зиянның орнын толтыруға марқұмның қарауында немесе ол өлген кезде асырауында болған адамдар құқылы: ол өлгеннен кейін туған баласы, сондай-ақ оның 14 жасқа толмаған, медициналық органдардың шешімі бойынша денсаулық жағдайына байланысты біреудің көмегін қажет ететін балаларына, немерелеріне, бауырлары мен қарындастарына қарап отырған, жұмыс істемейтін ата-аналардың біреуі немесе басқа бір отбасы мүшесі.
Адамның қазасымен аяқталған қайғылы жағдайда төлемдер былайша жүзеге асырылады:
- Кәмелетке толмаған қарауындағы адамдардың төлемдері – он сегіз жасқа толғанға дейін;
- Он сегіз жастағы және одан үлкен оқушыларға берілетін төлемдер – оқу орнының күндізгі бөлімін аяқтағанға дейін, алайда жиырма үш жастан аспауға тиіс;
- Елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан ер адамдарға өмір бойы төленеді;
- Мүгедектердің төлемдері – мүгедек болған мерзіміне беріледі;
- Өлген адамның асырауында болған оның балаларына, немерелеріне, бауырлары мен қарындастарына қарап отырған жұбайына немесе отбасының өзге мүшесіне берілетін төлемдер – олар он төрт жасқа толғанға дейін немесе денсаулық жағдайы өзгергенге дейін төленеді.
Аннуитеттік төлемдерді жүзеге асырудың ерекшеліктері мен тәртібі
- — — — сақтандыру сыйақысының мөлшері: аннуитеттік төлемдерді жүзеге асыратын мерзімге, адамның жасына, жынысына және ала алмай қалған табысына қарай жеке анықталады.
- — — — сақтандыру төлемдерінің индексациясы: АЕК (айлық есептеу көрсеткіші) мөлшерінің өзгеруіне қарай жүзеге асырылады.
- — — — аннуитеттік төлемдерді орындау тәртібі: аннуитет келісіміндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұндай төлемдер ай сайын орындалады
Аннуитеттік төлемнің мөлшері мыналарға байланысты:
- еңбекке жарамсыздық дәрежесіне (қызметкер солай деп танылған кезде);
- асырауындағы адамдардың санына (қызметкер қайтыс болған жағдайда);
- жұмыс берушінің кінәсіне;
- орташа айлық еңбекақысының көлеміне.
| Арнайы ұсыныс: |
 |
Егер сақтандыру келісімі 5 жыл немесе одан да көп мерзімге жасалатын болса, онда сақтандыру төлемдерінің индексациясы алғашқы жылы жүргізіледі.