Компания туралы
Бөлім бастықтары
Міндеті
Акционерлер
Директорлар кеңесі
Басқарма
Қаржы көрсеткіштері
Бос орындар
Серіктестер
Байланыстар
Дистрибьютерлер
Жаңалықтар
Жеке тұлғалар үшін
Заңды тұлғалар үшін
Клиентке
Кері байланыс
Агентті шақыру
Полистің бағасын
есептеу

Бас кеңсе:


Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30 А үй,
«Тенгиз Towers» БО,1 корпус,
4 қабат

тел.: +7 (727) 320 10 60,
+7 (727) 320 10 61

факс: +7 (727) 378 00 02,
+7 (727) 320 10 59
на главную карта сайта обратная связь

Компания туралы

Тарихы:

«НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ Қазақстанның қаржы нарығында өмірді сақтандыру бойынша қызметтер ұсынатын компания. Біз клиенттеріміздің қажеттіліктерін қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сай өмірді сақтандыру қызметтерінің кең түрлерін ұсынамыз.

Компания 2007 жылғы 13 қарашада құрылды.

«НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Комитетінің 2012 жылғы 1 ақпанның № 2.2.47 лицензиясы негізінде жұмыс істейді.

  • 24.01.2012 ж. «Астана-финанс» ӨСК» АҚ атауы «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ-на өзгертілді.
  • 20.10.2010 ж. - Сақтандырушының пайдаға қатысуымен баланың пайдасына өмiрдi аннуитеттік (жинақтағыш) сақтандыру бағдарламасын сату басталды.
  • 04.05.2010 ж. - Компания өмірді сақтандырудың ерікті аннуитетті пайдасына («Инвест- Life») қатысып сақтандыру және өтеу сомаларын есептеуге арналған Қазақстандағы тұңғыш мобильді калькуляторды жасап шығарады;
  • 24.07.2009 ж. - Азаматтарды түрлі қаржы құралдарын пайдалану, тәуекелдіктерді бағалау, жеке капиталын сақтау, көбейту, сауатты басқару саласындағы базалық біліммен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған 2007-2011 жылдарға арналған инвестициялық мәдениетті және қаржы сауаттылығын жетілдіру бағдарламасы бойынша ақпараттық білім беру семинарына қатысу. Бұл семинар Алматы қаласында басталды және Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларын қамтыды;
  • мамыр 2009 ж. - Компания www.aflife.kz домендық атауымен бірінші жеке сайтын ашты.
  • 29.04.2009 ж. - «Data House» ЖАҚ-мен Бағдарламалық қамтамасыз ету жеткізілімі туралы келісім-шартқа қол қойды. Бұл келісім-шарттың мәні Компанияның бизнес үдерістерін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеп, оны енгізу болып табылады;
  • 01.02.09 ж. - «Инвест - Life» сақтандырушы пайдасына қатысудағы аннуитеттік сақтандыру өнімін сату жүзеге асырыла бастады;
  • 05.01.09 ж. - Компания Қазақстан Қаржыгерлері ассоциациясының мүшесі болып табылады;
  • 01.01.09 ж. - ККомпанияның тәуекелдіктерін қайта сақтандыру Мюнхендегі «Munich Re Group» қайта сақтандыру қоғамында жүзеге асырылады;
  • 2008 жылғы шілде - «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы шеңберіндегі «Жылдарым – байлығым» зейнетақылық, сондай-ақ «Қызметкер» – Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес аннуитеттік сақтандыру өнімдерін сату жүзеге асырыла бастады.
  • 2008 жылғы маусым - «Light life» - несие алушыларды жазатайым оқиғадан сақтандыру, «Union Life» - несие алушылардың өмірін сақтандыру өнімдері сатыла бастады (2011 жылдың қараша айында бағдарлама өз қызметін тоқтатты).
  • 28.05.08 ж. - өмірді сақтандыру саласындағы қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі берген № 47-1/1 лицензиясын алды.
Copyright © 2011

.
 
RU

KZ